Пентагон Қазақстанда биозертхана салуға ақша бөлді - Ресей СІМ
Коллаж Orda.kz
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Пентагон ескі кеңестік биологиялық зертханаларды жаңғыртуға инвестиция салып жатқанын айтты.
МГИМО студенттері алдында сөйлеген сөзінде Сергей Лавров Пентагонға ресми өкілдердің қолдары қойылған биологиялық зертханаларды қаржыландыру туралы анықталған фактілер ұсынылғанда, американдық тарап барлық айыптауларды жоққа шығарғанын айтты.
«Бізге АҚШ әскерінің Украинада не істеп жатқанын жай ғана түсіндірудің орнына, бәрі өтірік деп айтып жатыр» деді Лавров.
Ресей СІМ басшысы Қазақстан Тәжікстан мен Өзбекстаннан үлгі ала отырып, биологиялық қауіп-қатер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды деп үміттенеді.
«Мәселе күрделі. Ал Пентагонның бұл мәселелерге қызығушылығы – бұрынғы кеңестік зертханалар, оларды модернизациялауға, онда жаңа нысандар құруға ақша салғаны өте қызық және нақтылауды қажет етеді. Бірақ біз бұл мәселелерді Қазақстанмен міндетті түрде шешіп, ҰҚШҰ-да үдерісті бастаймыз деп сенемін. Шешім принципті түрде қабылданды» деді ол.
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде биологиялық қару туралы конвенцияның сақталуын қадағалайтын агенттік құруды ұсынғанын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық