Павлодарлықтар АҚШ Бас консулдығы грантына ие болды
Алынған ақшаға ірімшік жасап, сөмке тігіп, құс өсіріп, ішкі үйлесімділік студиясын ашуды жоспарлап отыр.
Павлодар облысынан «Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы» бағдарламасына 30 талапкер өтініш білдірген. Нәтижесінде бес кәсіпкер әйел долларлық грантқа ие болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Ондағы жобалардың ішінде: ірімшік, май және сүзбе шығаратын цех, қолдан жасалған сөмкелер шығару, құс шаруашылығы, балық жартылай фабрикаттарын өндіру және ішкі үйлесімділік студиясын ашу бар. Грант қоры – 14 мың доллар немесе 6,7 млн теңге.
АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Чад Киннир: «Әйелдер көшбасшы болатын елдердің экономикасы тез дамып келеді деп сенеміз» деді.
Дипломат министрліктің басым бағыттарының бірі Қазақстан экономикасын қолдау мен екіжақты қарым-қатынасты дамытудан бөлек, әйелдердің бизнестегі көшбасшылығын қолдау екенін еске салды.
«Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Мүбарак Жақыпов павлодарлықтар құқықтық қолдауда немесе әкімшілік кедергілерге тап болған жағдайда Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрай алатынын қосты.
Сондай-ақ, ол кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша мақұлданған 1100 жобаның 322-сі 3,8 млрд теңге несие қоржыны бар әйелдердің үлесіне тиетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы» бағдарламасы 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Оған Қазақстаннан басқа тағы 80 мемлекет қатысуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық