Павлодарлық әкімдер жол сапасына басымен жауап береді
Жақында Павлодардағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға тексеру жүргізіледі. Болжам бойынша, ол жол-көлік оқиғаларын алдын алып, өңірдегі жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендетеді.
Бұл туралы Orda.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
– Павлодар облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5441,1 шқ құрайды, ағымдағы жылдың басынан бері жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 890 тексеру жүргіздік. Тексеру барысында 2027 ақау анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 895 ұйғарым берілді. 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 21-і ауыл және ауылдық округ әкімдері жазаланды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630, 631 және 632-баптары бойынша 18 әкім, 420-бабы бойынша 3 әкім жауапқа тартылды.
Барлығына 4 млн астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар, тексеріс кезінде 92 теміржол өткелінің жағдайы қаралды. Қажетті жол белгілерінің болмауы, дұрыс жарықтандырмау және төсемнің қанағаттанарлықсыз жағдайы сияқты кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде 19 шенеунік әкімшілік жауапқа тартылды.
Оларға 554 мың теңге айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық