Павлодарлық келіншек жаңа туған нәрестесінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр
Павлодарлық келіншек Мәдина Тоқарова оның толғағын қабылдап, артынша сәбиін өлтіріп алған акушер-дәрігерлер жазаға тартылса дейді.
Астана телеарнасының хабарлауынша, келіншектің қызы дүние есігін ашқаннан кейін араға бір апта салып, көз жұмған.
Сараптама қорытындысында баланың өлімі асфиксия мен бас жарақатынан болғаны анықталған. Алайда іс көп ұзамай жабылған. Сондықтан Мәдина шарасыздықтан дәрігерлерді жауапқа тартуды талап етіп видео хабарлама түсірген.
Қайғылы оқиға мамыр айында орын алған. Жүктілік тұрақты болған, бірақ босану кезінде қиындықтар туған. Мәдина Тоқарованың айтуынша, дәрігерлер оны кесарь тілігімен босануға рұқсат бермеген.
«Мен кесарь тілігін сұрадым, сен өзің босанасың деді. Баланы дөрекі түрде суырып шығарды. Босануға бес күн қалғанда баланың салмағын дұрыс есептемеген, 2 келіге артық көрсеткен» дейді келіншек.
Жаңа туылған Аяланың өліміне иық дистоцииясы себеп болған - босану кезіндегі асқыну, баланың басы шыққан кезде тұрып қалуы.
№1 қалалық аурухананың перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Орал Жөкебаевтың айтуынша, ол босанатын әрбір жүз әйелді бірінде болады. Бұл оның тәжирбесінде алғашқы жағдай екені белгілі болды.
Дәрігерлер сондай-ақ қиын жағдайда ресми түрде тәжірибеде қолданылатын техниканың барлық қолжетімді түрлерін пайдаланғанын айтты.
Бұл ретте адвокат Айнаш Шалғымбаева сотқа дейінгі тергеу жеткілікті дәрежеде сауатты жүргізілмеген деп есептейді. Жәбірленушілер прокуратураға шағымданған.
«Түрлі кезекші тергеушілер, анықтаушылар үнемі ауысып отырды. Прокуратурамен сөйлестім, олар шынымен де менің арызым бойынша қылмыстық істі қайта қозғайтындарын айтты» деді Шалғымбаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық