Павлодардардың ойын орталығында бала бес метр биіктіктен құлап, миы шайқалды
Коллаж: Orda.kz
Павлодардағы ойын орталықтарының біріндегі лабиринт төбесінен құлаған баланың миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға туралы ақпаратты зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желілерде таратты. Қазір бала ауруханада жатыр.
«Менің төрт жасар ұлым Амир 12.01.2025 ж. демалыс күндері Batyr Mall сауда-ойын орталығында орналасқан Viking land ойын алаңында шамамен бес метр биіктіктен құлады. Оның мұрны мен аузынан қан кетті. Біз бірден облыстық ауруханаға бардық, қазір миы шайқалған деген диагнозбен жатырмыз» деп жазды баланың анасы.
Зардап шеккен баланың анасы қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс кінәлілерді жазалауды сұрайды.
«Жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Сауыққаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалып, нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», деп хабарлады Павлодар полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық