Павлодардағы өліммен аяқталған төбелес: сот үкімді қайта қарап, айыпталушыны босатты
Фото: Irbistv.kz
Павлодарда апелляциялық сот 21 жастағы Жоламан Құсайыновтың ісін қайта қарады. Оны бұған дейін өлімге әкелген төбелес үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
NewTimes.kz мәліметінше, бүгін сот залынан бостандыққа шыққан Жоламан Құсайыновты алғашында бірінші сот орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда 4,5 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда, екі тарап та апелляциялық шағым түсірді. Қорғаушы үкімді жоюды талап етсе, прокуратура жазаны қатаңдатуды сұрады. Прокурор 4,5 жыл тым жеңіл жаза екенін айтып, оны 8 жылға дейін ұлғайтуды талап еткен болатын.
«Іс қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігінен,112-бабы 2-бөлігіне қайта қаралады. Жаза 1 жылға дейін төмендетілді. Жоламанның тергеу изоляторында өткізген алты айы 1 күн – 2 күн есебімен есептеліп, ол сот залынынан бостандыққа шықты», – деп түсіндірді Құсайыновтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов.
Оқиға 2024 жылдың жазында Павлодардағы «Гоголь» барының жанында жанжал шығып, қайғылы жағдайға ұласқан. 23 жастағы Сергей Сухоносенко сол күні 21 жастағы Жоламан Құсайыновқа бірінші болып келіп тиісіп, пышақпен қоқан-лоққы көрсеткені сол жердегі барлық бейне бақылау камераларына түскен. Ал Құсайынов Сухоносенкодан қорғану мақсатында оны итеріп жібереді. Салдарынан ол жерге құлап, миына қан құйылып сол жерде көз жұмады.
Сонымен қатар, Сол күні Сергей Сухоносенко қанынан алкоголь табылған болса, Құсайынов мас болмағаны дәлелденген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық