Павлодарда зорлық көрген 16 жастағы қыз оныншы қабаттан секіріп кетті

cover

Павлодарда 3 жігіт жабылып зорлаған 16 жастағы қыз оныншы қабаттан секіріп кетті. Қыз аман қалған. Бірақ ауыр жарақаттар мен қабыну салдарынан көру қабілеті мен есте сақтау қабілетін жоғалтқан.

Оқиға туралы қыздың әпкесі «Не молчи KZ» қоғамдық қорына хабарлады.

Екібастұздан келген қыздар 2009 жылдан бастап балалар үйлері мен баспаналарда тұрған. Олардың анасы ата-ана құқығынан айрылғаны белгілі болды. 2012 жылы анасы қайтыс болып, олар жетім қалады. 2021 жылы үлкені тұрмысқа шығады, ал кішісі қашып кеткен. 16 жастағы қыз колледжге түскеннен кейін жасөспірімдер үйінде тұрады.

Туған күнге барған қыз өзін ыңғайсыз сезініп, үйіне қайтады.  Жолда қыз үш жігітті кездестірді, олардың бірі әпкесінің сыныптасы болып шыққан. Жігіттер такси шақырып, оны үлкен әпкесінің үйіне жіберуге уәде береді.

– Сіңілісі туған күн тойланып жатқан пәтерге барып, ұнамаған соң шығып кеткен. Әпкесінің үйін іздеп, таба алмай, бөтен қалада адасып кеткен. Жолда үш жігіт танысқан. Араларындағы бір жігіт «әпкеңмен бір сыныпта» оқығанмын деп алдап, такси шақырып беремін деп, пәтерге алып барған. Телефонын өшіріп, оны зорлаған, – деп жазды Дина Таңсәрі.

Зорлық көрген қыз сол үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Қазір ауруханада жатыр.

– Күдікті екі жігіт қамалды. Үшіншісіне қатысты қыз әлі тергеушілерге жауап беріп үлгермеген. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 10-қабаттан құлаған қызды құтқарып қалды, – дейді Дина Таңсәрі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар