Павлодарда жасөспірімді зорлады деп сотталған блогерді өлтіргендер жазаға тартылды
Фото: Pixabay
Екібастұздық сотталған блогерді өлтірді деп айыпталған Павлодар облысындағы қатаң режимдегі колонияның үш тұтқыны 17, 14 және 12 жылға сотталды. Павлодардың №2 сотының үкімі 12 мамырда шыққан, бірақ бұл туралы енді белгілі болды.
«А., Ж., және К., қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезінде 2021 жылғы 8 және 9 мамырда алдын ала келісіп, аса қатыгездікпен қару ретінде илектеу түріндегі ағаш заттарды пайдаланып, сотталушы К.Ю.-ны соққыға жығып, денсаулығына ауыр зиян келтірген. 2021 жылдың 9 мамырында сотталушы қайтыс болған» делінген pvl.sud.kz сайтындағы ақпаратта.
Павлодардағы қатаң режимдегі колонияда қаза тапқан - екібастұздық 40 жастағы блогер Юрий Комм. Ол 14 жасар қызды саяжайда зорлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Дегенмен ол өз кінәсін мойындамады. Оның әпкесі де ағасының қылмыс жасамағанын, қыздың пәк болып қалғанын алға тартты. Ал, басқа ақпарат құралдары мен құқық қорғаушылар сот үкімінен кейін қалада кәмелетке толмаған қызды қудалау басталғанын жазды.
Еске салсақ, 2021 жылдың 8 мамыры күні кешкісін АП-162/4 мекемесінің жуынатын бөлмесінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы сотталушы тағы бір тұтқынды ұрып-соғып, ол 2021 жылдың 9 мамырында қайтыс болды.
2021 жылдың қаңтар айының соңында блогер «Зорлау» бабы бойынша сотталған. Сот анықтағандай, қылмыс 2020 жылдың 7 маусымына қараған түні болған. «Горняк» саяжайында мас ер адам 14 жастағы қызды қорлаған.
Жаңалықтар
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды