Павлодарда жантүршігерлік жол апаты орын алды (видео)

cover

Павлодар облысында аударылған көліктен аман қалған жүргізуші тас жолға шығып кетіп, көліктің астында қалды.

Оқиға 22 қаңтар күні кешке Павлодар-Қызылорда тас жолында болған. Артқы соққыдан ВАЗ 2110 автокөлігі жолда аударылып қалған. Жүргізуші мен жол-көлік оқиғасының басқа қатысушылары жол жиегіне шығып, өтіп бара жатқандарға қауіп төнгені туралы белгі бере бастаған. Кенеттен жол талғамайтын көлік жылдамдықпен бір топ адамды қағып кеткен.

Бейне +18. Балаларға, психикасы тұрақсыз адамдарға қарау ұсынылмайды.

Көлік жүргізушісі 1997 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үшеуі жедел жәрдеммен Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар