Павлодарда тұрғын үй екіге жарылды
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, кіреберістер мен іргетаста жарықшақ пайда болған. Осыған байланысты мұндағы пәтерлердің ішкі температурасы сырттағымен бірдей, ылғал салдарынан пәтерлер көгеруге жақын.
Осы үйдің тұрғыны Елена Шестакова журналистерге ол жерде бес жылдан астам тұрып жатқанын, ғимараттың салынғанына 50 жылдай болғанына қарамастан, бұрын ешқандай мәселе болмағанын, тұрғындардың өздері барлық жарықшақтарды жөндеп алғанын айтады. Павлодарлықтар уақыт өте келе үй құлап, үйінді астында қаламыз ба деп қорқады.
— Барлық су пәтерлерге ағып жатыр. Үй құлап жатыр. Ол бір күні опырылып қалады. Бұл іргетастан кірген су, иә, судың құрылысты қалай тоздыратынын бәрі түсінеді. Мұнда да солай болады, - деді Шестакова.
Жөндеу бригадасы жөндеуді 167 мың теңгеге бағалаған. Бұл жергілікті зейнеткер тұрғындар үшін көп ақша, бірақ жағдайдың ең сорақысы - қалпына келтіру жұмыстары жарықшақтардың қайта пайда болмайтынына кепілдік бермейді.
Үй тұрғындары да басқармаға жүгінген, бірақ кеңседегілер ештеңе істей алмайтындарын айтты.
—Тұрғындармен шарттық қарым-қатынасымыз бар. Жертөледе инженерлік коммуникацияларды жүргіземіз. Яғни, жылу, кәріз. Аула аумағын және кіреберістерді тазалау. Тұрғындар қажет деп есептейтін басқа жұмыстардың барлығы: тігістерді тығыздау, шатырын, қасбетін жөндеп жатыр, кіре берісті де олар өз қаражатына жасайды, - дейді «Ремсервис-2007» ЖШС директоры Галина Алина.
Тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары келеңсіздікке ұшыраған үйге жақын күндері баруға уәде бергенімен, үйдің апаттылық дәрежесін анықтау үшін тұрғындардың ақша төлейтінін бірден ескертті.
— Қорытынды алған тұрғындар үй құрылысының апатты жағдайын растайтын болса, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы кезекке тұруға және жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге құқылы, ал ол жерде қала немесе аудан әкімдігі қазірдің өзінде қабылдауда. Уақытша баспанаға көшіру шаралары қарастырылған. Аталған қорытындысыз бұл үйді апатты деп тану мүмкін емес, - деп түсіндірді Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан Рашитов.
Барлық құжаттарды қарап шығу және өңдеу ұзақ уақыт алуы мүмкін. Сондықтан әзірге жергілікті тұрғындар ақауды өз бетінше жамап-жасқамақ.
Жаңалықтар
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты
- Тоқаев Трамппен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, оны Қазақстанға шақырды
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
- «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті
- Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды
- Астанада мешітте намаз оқып жатқан ер адамның телефонын ұрлап кеткен
- Төрт күдікті ұсталды: Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болды
- Ақтөбе облысының Байғанин ауданында төтенше жағдай жарияланды
- Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады
- Ердоған Анкарадағы НАТО саммитінен кейін Еуропа көшбасшыларына арнаулы тапанша сыйлады