Павлодар мектебінде өрт шығып, химия пәнінің мұғалімі зардап шекті
1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі орташа дәрежеде улану диагнозымен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұстаздың жағдайы тұрақты деп бағаланады.
«1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі бірінші қалалық аурухананың терапевтік бөліміне жатқызылды. «Стресске жедел реакция» диагнозы тіркелді», - делінген басқарма хабарламасында.
Айта кетерлігі, 2020 жылы «Заманауи мектеп» жобасы бойынша алты мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның бірі – №28 ЖОББМ. Жоба аясында бірінші кезекте мектептер химия, биология, физика пәндері және STEM-кабинеттерімен, жаңа жиһаздармен қамтамасыз етіледі.
Өрт салдарынан төрт қабатты №28 жалпы орта білім беру мектебінің екінші қабатының шамамен 200 шаршы метрі жанды. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.
Оқиға орнында ТЖ департаментінен 50 қызметкер және 12 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және бір техника жұмыс істеп жатыр.
15 сәуірде Павлодар қаласының №1 ЖОББМ-де өрт шыққан. Салдарынан бес оқушы ауруханаға түсті. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, мұнда қасақана өрт қойылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық