Павлодарда «Қазпошта» филиалы директорының орынбасары сотталды
Павлодарда «Қазпошта» облыстық филиалы директорының орынбасары сотталды. Бұл туралы Павлодар сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Таратылған хабарламада 2023 жылғы 5 шілдеде Павлодар қаласының № 2 соты «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасарына қатысты оның ақшалай қомақты пара алу фактісі (ҚК 366-бабының 2-бөлігі) бойынша қылмыстық істі қарағаны айтылған.
Сот анықтағандай, 2023 жылдың қаңтарында «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары заңсыз баю мақсатында автомобиль көлігі басқармасы аумағында тұрған автокөлік қорабын жөндеу бойынша атқарылған жұмыстарды кедергісіз қабылдағаны үшін ақшалай сыйақы аударуды сұраған.
Артынша күдікті 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Қорғаушы жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады.
«Жауапты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жоқтығын, жас балалары бар екенін, 3-ші топтағы мүгедектігін, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескере отырып, сот орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады» деп мәлімдеді Павлодар сотының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және т.б. лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық