Павлодарда қарттарды миллиондарға алдағандар ұсталды
Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдады деген күдікті топты ұстады.
Соңғы екі аптада Павлодар полициясына алаяқтық фактілері бойынша 30-ға жуық облыс тұрғыны арызданған, олардың барлығы егде жастағылар. Адамдар қалай алданғанын айтып берді, алаяқтар оларды туыстарының қиыншылыққа тап болғанын, апатқа ұшырағанын және шұғыл түрде көп ақша қажет екеніне сендірген.
«Егде жастағы азаматтар барлық жинақталған ақшасын жинап, келген курьерге беріп жіберіп отырған. Нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды. Олар 19 бен 21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта олардың алты алаяқтыққа қатысы бар екені анықталып, алдау арқылы зейнеткерлердің 25 миллион теңгесін иемденіп алғаны анықталды. Ұсталғандардан 3 миллион 900 мың теңге тәркіленіп, екі жәбірленушіге қайтарылды», - дейді Павлодар облысы Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 190 бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тағы екеуі үйқамақта. Полицейлер топтың осыған ұқсас алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Ұйымдастырушының жеке басы анықталуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық