Павлодарда мүгедек қызға жыныстық қысым көрсеткен ер адам 15 жылға сотталды
Фото: Freepik.com
Павлодардағы Ертіс ауданының 43 жастағы тұрғыны мүгедек қызға жыныстық қысым көрсеткені үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ер адам зардап шеккен қыздың анасымен бірге тұрып, малшы болып жұмыс істеген.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 1-тармағы («Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танылды.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ер адам 15 жыл орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді.
Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінгенін және кәмелетке толмаған баласының барын жеңілдететін мән-жайлар ретінде есепке алды. Ал қылмыстың мас күйде жасалғаны ауырлататын жағдай ретінде танылды.
Іс жабық режимде қаралды. Сондықтан БАҚ өкілдеріне өзге мәліметтер жария етілмеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, бұған дейін Семей қаласында 13 жастағы мектеп оқушысын зорлаған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімінің соты жайлы жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық