Павлодарда әйел нәрестені суық мезгілде тастап кетті
Павлодар облысында кішкентай баласын қауіп-қатерге қарамастан суыққа тастап кеткен 33 жастағы ана ұсталды, - деп хабарлайды polisia.kz
Естеріңізге сала кетейік, 26 қараша күні сағат 20:40-та полицияға Павлодардағы «Автовокзал» трамвай аялдамасының орнынан 8-9 айлық бала табылды деген хабарлама келіп түскен. Тексеру кезінде баладан көзге көрінетін жарақаттар табылған жоқ. Дереу барлық аумақтық және шекаралық аймақтарға кәмелетке толмаған баланың табылғандығы жарияланған. Барлық жақын көшелер пысықталып, куәгерлермен сұхбат жүргізілді.
Нәтижесінде учаскелік инспекторлар жедел түрде 32 жастағы Toyota Camry автокөлігінің иесі павлодарлықтық жігітпен байланыс орнатты. Оның айтуынша, «InDriver» мобильді қосымшасы арқылы клиенттерді тасымалдау кезінде Семейден Павлодар қаласына балалы әйелді алып келген. Бірақ, артынша баланы автобус бекетінде қараусыз қалдырғаны анықталып отыр.
«Екі сағаттан астам уақыт өткен соң күдікті әйел ұсталды. Баланы қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 119-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді брифингте Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Тастанды баланы жедел-жәрдем дәрігерлері қарағаннан кейін Павлодардағы ауруханаға жатқызды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық