Павлодарда Даңқ ескерткішінде билеген жасөспірімдер жазаланды
Фото: pavlkraimuz.kz
Павлодарда Даңқ ескерткішінің жанында арандатушылық ниетпен әдейі билеген жасөспірімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Кәмелетке толмағандар құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», деп хабарлады бейсенбі күні Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде төрт жасөспірімнің Жеңіс алаңында мәңгілік алау жанында жұлқынып билеп жүрген видеосы тарады. Бейнежазбадағы қатысушылардың бірінің «Жеңіс саябағын қорлаймыз» деген сөзі жұрттың ашуына тиіп, жасөспірімдердің бұл ісіне құқық қорғау органдарының араласуына тура келді.
Бейнеге үш оқушы мен қаладағы колледж студенті түскені белгілі болды. Олардың барлығы би студиясында жаттығады. Екеуі 16 жаста. Олар өздері оқитын мекемелерде арнайы есепке қойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық