Павлодарда дәрігерлер тапшылығы, апатты мектептер және интернеттің нашарлығы анықталды
primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Көлгіновтің облысқа сапары барысында Павлодар облысының мәселелері сараланды.
Павлодар ауруханаларына 149 білікті дәрігер қажет, мұндай көрсеткіштер күні кеше Алтай Көлгіновтің облысқа жұмыс сапары кезінде мәлім болды. Облыста кардиолог, анестезиолог, реаниматолог, терапевт, невропатолог, инфекционист мамандардың жетіспейтіні белгілі болды. Ал кейбір аудандарда тіпті бірде бір хирург жоқ. Ал бұл мемлекеттік тапсырыс пен грант арқылы ауылдық дәрігерлік амбулаториялар жыл сайын мамандармен толығып жатқанына қарамастан орын алып жатқан жағдай.
«Медициналық құрал-жабдықтардың 52 пайызының тозып кеткені қорқыныш шақырады, сондай-ақ медициналық құрал-жабдықтардың (84 пайыз) да тозығы жеткен. Мәселен, бүкіл Екібастұзда бірде-бір ангиограф жоқ. Осы мәселелерді шешу үшін алдағы үш жылға 4,3 млрд теңге бөлу жоспарлануда», - деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Облыста жергілікті дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық мекемелерді жеткілікті түрде салуға күш салып жатқаны да сөз болды.

Дегенмен, өңірдегі мәселелер тек медицинада ғана емес, білім саласында да бар. Белгілі болғандай, Павлодар облысында үш апатты және 8 үш ауысымдық мектеп бар, оқушы орнының тапшылығы 7 мыңға жуық. Бұл ретте 273 білім беру нысанының 162-сі күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, Павлодар облысындағы 115 мектепте интернет жылдамдығы төмен.
«Облыста балабақшаға кезек әлі де бар, 9,4 мыңнан астам бала өз кезегін күтіп тұр. Осыған орай биыл 3,4 мыңнан астам орын ашуға қаржы бөлінді. Ауылдық колледждердің 30 пайызының жабдықталуын жаңарту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Өнеркәсіптік кәсіпорындар оқу орындарына қамқорлық жасайды, олардың тапсырысы бойынша мамандар даярлайды, сондықтан жұмыс берушілер есебінен арнайы техникалар паркін жаңарту жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Дегенмен, аймақтағылар аталған мәселелердің шешімін табуға тырысып жатқаны хабарланды. Мәселен, олар 8 мектеп салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын NEET санатындағы жастардың мәселесіне де ерекше мән бермек. Олар үшін республикада жастарды шағын несиелеу бағдарламасы және басқа да қолдау тетіктері бар, деп атап өтті Көлгінов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық