Павлодарда балаларға қол көтерген тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды
Фото: бейнеден кадр
Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің бүлдіршіндерге қол көтеріп, шаштарынан тартқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Кадрларда тәрбиешінің бірнеше баланы шапалақтап, қолынан тартып, дөрекі әрекетке барғаны анық көрінеді. Ата-аналар оқиғаны әлеуметтік желіге жариялап, тиісті органдарға дереу шара қолдануды талап еткен.
Адам құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенованың айтуынша, бүгін мектепке дейінгі мекемеге полиция қызметкерлері, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер және ата-аналар келіп, бейнежазбаны қарап шыққан.
«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Балабақша басшылығының әрекетіне де құқықтық баға беріледі», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Көпшілік мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілердің психологиялық жағдайы мен бейінді тексерулерді күшейтуді талап етіп отыр.
Еске сала кетейік, Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде ер адам бұрынғы сүйіктісін пышақтап өлтірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық