Павлодарда балабақшада жалаңаш баланы 40 минут салқын бөлмеге қамап қойған
Фото: Pixabay
Павлодардағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші жалаңаш баланы 40 минут салқын бөлмеге қамап қойған.
Оны кішкентай қыздың ата-анасы балабақшада орнатылған бейнекамералардағы жазбадан көрген.
Олар шағымдарын Instagram желісінде жариялады. Онда балабақша қызметкерінің жалаңаш баланы ойын бөлмесіне апарып, есікті жауып, өзі тамақ ішуге отырғанын көруге болады.
«3 ақпанда менің қызым 1 жас 10 айлық кезінде салқын бөлмеде 42 минут бойы жалаңаш, іш киімсіз қамауда отырған. Қызметкерлер баланы қамап қойып, тамақ ішуге кетті. Балабақша иесі тәрбиеші мен күтушінің мінез-құлқын түсіндіре алмады» деді баланың анасы.
Сондай-ақ ол жақында балабақшада балалардың уланғанын, содан кейін ата-аналар бақылау камераларынан бейнежазба сұрағанын айтты.

Жекеменшік балабақша директоры Елена Данковская бос еместігін алға тартып, жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Бұл ретте ол мектепке дейінгі мекемеде сот процесі жүріп жатқанын айтты.
«Видеода барлығы айтылған, шара қолданылды. Тәрбиеші мен күтуші шағымнан кейін бірден жұмыстан шығарылды» деді Данковская.
Павлодар қаласының білім бөлімі де оқиғаның мән-жайын анықтауда.
«Арыз 7 ақпан күні кешке түскен. Балабақша жекеменшік. Дәл осындай арыз қалалық прокуратурада да бар. Құрылтайшыға хабарланды. Бұл факті бойынша іс жүргізілуде. Жағдайды зерделеу мақсатында мекеме қызметкерлері балабақшаға барады» деп түсіндірді Павлодар қаласының білім бөлімі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық