Павлодарда антисептиктен уланған қыз қайтыс болды

cover

Бұл туралы БАҚ неге бір ай бойы үнсіз қалды?

Павлодардағы КММ «Қиын жағдайда қалған балаларды қолдау өңірлік орталығында» қаңтар айында 17 жасар қыз антисептиктен уланып қайтыс болды. Бұған қоса тағы 2004 жылы туған екі тәрбиеленуші қыз орта деңгейдегі улану деген диагнозбен  ауруханаға жатқызылды. Осы мәселеге байланысты 105 бап бойынша (Өлімге себепші болу) және 371 бап бойынша (Қызметке  немқұрайлы қарау) сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Кейінірек тергеушілер өз өзіне қол жұмсау жорамалын жоққа шығарды. ORDA. қайтыс болған қыздың туыстары мен орталықтың директорымен сұбхаттасты.

Балалардың құқығын қорғау Комитеті тәрбиеленуші қыздың өлімі туралы 3 қаңтарда хабардар етті. Алайда бұл өлім туралы жұртшылыққа тек 2 ақпанда ғана белгілі болды. Осы жаңалық ORDA. порталында жарияланғаннан кейін барып бұл туралы павлодарлық және республикалық БАҚ жаза бастады.

Түнгі мезгілде Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы ORDA. журналисіне телефон шалып, «Антисептикпен улану: Павлодардағы арнаулы орталықта тәрбиеленуші қыз өзіне қол салды» деп аталатын мақаланың бас тақырыбына түзету енгізу туралы өтініш жасады.

Павлодар облыстық білім басқармасының бастығы Дінислам Болатханұлы 4 ақпанда өткен брифингте арнаулы интернаттың директоры отставкаға кеткенін хабарлады. Онымен бірге медбике, тәрбиешінің көмекшілері мен қарауыл да жұмыстан шығып кеткен.

2020 жылдың жазында орталықтың директоры Николай Қожахметов өзінің кабинетінен бейнебақылау камералары арқылы балалардың дәретханасы мен жуынатын орындарды бақылап отыратын.

«Қазір ол камералар жоқ. Егер олар орнында тұра бергенде, қазіргі қайғылы жағдайға жол берілмес пе еді...Бірақ бұл менің жеке пікірім», - деді Николай Қожахметов.

Директордың айтуынша жұмыстан кету туралы шешімді ол да, өзгелер де өз еріктерімен шешкен «Мен өткен аптада өз еркіммен жұмыстан шығу туралы арыз бердім. Тағы біраз адамдар өз еркімен шықты жұмыстан. Біз қазір жұмыссыз отырмыз. Мынадай жағдайда не істеуге болатынын да білмеймін. Елдердің айтып жатқаны анау нешетүрліні жазып», - деді ол.

Қожахметовтың айтуынша уланған екі қыз басқа жерге ауыстырылған.

«Біздің орталықта балалар алты айға дейін болады. Балалар негізінен ата-аналары маскүнем, қаңғып жүрген балалар, арнаулы мекемелердің жіберуімен келетін, немесе сот шешімімен келетін, өмірлік қиын жағдайда қалған балалар, түрлі басқа да жағдайларда қалған балалар тәрбиеленеді», - деп түсіндірді ол.

Директордың айтуынша қыздар антисептикті жаңа жыл мерекесін тойлау үшін ішкен.

Отравление антисептиком в Павлодаре: почему СМИ молчали целый месяц?
Арнаулы орталық ғимараты

«Қыздардың антисептик ішкенін неге ешкім көрмеген дегенге келсек, біздің орталық жабық мекеме емес. Біздегі балалар еркін қарым-қатынаста бос жүретін балалар. Оларды «отырған жеріңнен қозғалма» дейтін тәртіп жоқ бізде. Үйде жүргендей еркіндік бар. Біз олардың әр минутын артынан жүріп қадағалай алмаймыз».

Қожахметовтің ойынша, егер орталықта гигиена бөлмелерінде бұрынғыдай камералар орнатылып тұрғанда мүмкін мұндай өлім жағдайы болмаған болар ма еді.

«Камералар бұрын менің бастамаммен орнатылған еді. Олар небәрі екі ай ғана тұрды. 2019 жылы Павлодар қаласының прокуратурасы біздің мекемемізде кешенді тексеру жүргізіп, бейнекамераларды балалардың құқығын бұзады деген желеумен алғызып тастады. Ал қазір маған сұрақ қояды «Сіз неге оны көрмедіңіз?- деп. Қазір екі-ақ камера жұмыс істеп тұр. Оның бірі орталықтың кіре берісінде, бірі менің кабинетімде».

Бұған қоса орталық директорының түсінбейтін бір мәселесі, бұл істі неліктен «Қызметке немқұрайлы қарау» бабымен тергеп жатыр?

«Мен мұнымен келіспеймін. Әр баланың артынан аңдытып қоятын менің соншама адамым жоқ. Уланған екі қыздың айтуынша, олар антисептикті үшінші қызды ауруханаға әкеткен соң ішкен».

Қожахметовтың айтуынша, орталықтағы барлық сұралған қызметкерлердің қорғаушы жалдауға құқы бар куәгерлер болып табылады. Олардың әрқайсысы осында ұзақ жылдар қызмет еткен адамдар. Ал олар болса кіналы адамдарша тергелуде. Бұл жерде мен өзімді қоспай-ақ қояйын – деп ренжиді орталық директоры.

Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша 1 қаңтарда қыздар сағат 20:30 «Антисептик-МД-1» суға араластырып, 2,5 стаканнан ішкен. Қайтыс болған қыз бәрінен көп ішкен. Аман қалған екі қыздың айтуынша қайтыс болған қыз сол күні түнде де  антисептик ішкен. Ол бұл орталыққа 2020 жылы жазда келген. Ақсу  қаласының ауыр металлургия колледжінде оқыған. Оның анасы Надежда Мамизерова қызының орталыққа қалай келгенін баяндады.

«Жасыратыны жоқ, мен де, күйеуім де ішетін отбасымыз. Наркологта есепте тұрамыз. Қызымды 2020 жылдың 3 маусымында орталыққа алып кетті. Оның себебі қызым сабаққа бармай кеткен. Ол әжесінің үйінде тұрды. Еркіндік болды оған ол жерде. Бізді білім бөліміне шақырып алды да, «қызымыздан бас тартамыз» - деп арыз жазыңдар, сонда сендер оны 6 айдан кейін өздеріңе қайтарып ала аласыңдар» - деген соң біз жазып бердік. Сот біздің қатысуымызсыз өтіп, бізді ата-аналық құқығымыздан айырды. Бізге ешкім телефон шалмаса да, біз телефонды алмады деп айыптады. Бізді барлық жерде кінәлі деп жатыр қазір».

Надежданың қызынан басқа 15 жасар ұлы да бар. Ол да балаларды қолдау орталығында. Бірақ қазір оны Песчаное селосындағы балалар үйіне жіберген. Анасы оны қолына қайтарып алу үшін құжаттар жинастырып жүр. Ұлым үшін күресуге дайынмын дейді - анасы Надежда.

«Диманы 2020 жылдың қарашасында алып кетті. Ал Диананы жатақханаға ауыстыратын болған. Неге екені белгісі. Жаңа жылға дейін оны ауыстырмады жатақханаға. Оның көптеген жоспары бар еді өмірде. Екеуміз WhatsApp арқылы хабарласып тұрушы едік. 30 желтоқсанда сөйлестік соңғы рет. Оның көңіл - күйі жақсы болатын. Димамен де хабарласып тұрамын».

Қызын жерлеу кезінде анасы оның қолы мен иығында көгерген іздерді байқады.

«Оның сол көзі қызарған, ал сол жақ бетінде белгісіз таңбалар болды».

Ол қызының қаңтардың 2-де емес, 1-де өлгеніне сенімді.

«Біздің учаскелік полицей оны қаңтардың 1-де өлді десе, орталық директоры қаңтардың 2-де өлді дейді. Туысымның танысы Диананы реанимацияға жеткізе алмағанын айтады, яғни реанимацияға жетпей жолда қайтыс болған ғой. Айтатындары Диана 3 күн бойы антисептик ішкен, яғни 31-1-2 күндері. Олар оның ішкенін неге көрмеген, егер оларда камералар тұрса?».

Надежданың айтуынша қызының телефонындағы барлық деректер өшірілген.

«Дәрігерлер бұл суицид емес деп дәлелдеп жатыр. Олай болса эксгумациялау керек еді. Ал олай десек, «сендер ата-ана құқығынан айырылғансыңдар, сендерді ешкім тыңдамайды, мұнымен басқа адам айналысуы керек», - дейді. Бізге тіпті қызымыздың өлгені туралы куәлігін де бермей отыр. Директордың айтқаны, «сендерге ештеңе де берілмейді», - деді. Егер біздің құқығымыз жоқ болса, балам үшін үкімет жауап берсін, солар ғой оны алып кеткен, енді келіп «200-ші жүк» етіп қайтарып отыр. Енді ұлым үшін қауіптеніп отырмын. Оған тиіспесе екен».

Кожахметов болса қыздың ата-анасына өлгені туралы куәліктің көшірмесін бергеміз деп отыр.

«Бұл отбасы негізінде жайсыз отбасы. Қызы анандай жағдайға ұшырағанда, біз оларды әрең іздеп таптық».

Қыздың анасы Надежданың айтуынша оның қызына бір тәрбиеші қырындап қоймаған.

«Қызым айтатын, бір тәрбиеші бар, маған нешетүрлі емеурін білдіреді – деп. Ұлым да байқапты соны сол жерде болғанда».

Директор болса «барлық тәрбиешілер Прокуратураның құқықтық статистика мен ақпараттық Орталығынан тексерістен өткен – деп бетбақтырмайды.

«Бізде олардың бәрі үйленген жігіттер, отбасылы, балалы-шағалы, педагогтік дипломдары бар. Көшедегі адам келмейді мұнда. Ал қыздарға келер болсақ, өтпелі жастағы жас бойжеткендердің көзқарастарын әркім әрқалай түсінеді».

Қызы қайтыс болған ана барлық бұқаралық ақпарат құралдарының тура осы мәселеге келгенде ләм-мим демей қалғанына мән берді.

«Тым-тырыс тыныштық орнап қалды. Бір қыз КТК арнасына хабарласқан екен, олар айтыпты «ой, бұл ұзақ мәселе, облыстық каналда бұндай оқиғалар бірден шешілмейді – депті. Кім білсін, одан талай уақыт өтті. Мүмкін жақында шығып қалар», - деп сөзін аяқтады ана.

Авторы: Фариза Нарбекова

Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар