Павлодарда алимент төлемей жүрген әкелердің қарызы 1 млрд теңге болды
Фото: Ашық дереккөзден
Еңбекке жарамсыз балалары, ата-аналары мен жарына қаржылай көмек көрсетуден қашып жүргендер көп деп хабарлайды Orda.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысында 335 алимент мәселе туғызып отыр, оның сыртында 342 орындау ісі уақытша тоқталып тұр. Себебі, оларды өтеуі тиіс азаматтарға іздеу салынған.
Жалпы, өңірдегі алимент төлеушілердің барлық берешегі – 818 млрд 143 млн 415 мың теңге. Жыл басынан бері құзырлы органдар оның тек 79 млн теңгесін өндіріп алған. Ал қалғаны әлі күнге дейін төленбей келеді.
«Облыстың әділет департаментінде алиментті өндіріп алуға қатысты 16 115 құжат бар. Оның 8980-і мерзімдік орындауда болса, 7175 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтып, төлемді өздері аударады. Міндетті төлемдерден жалтарып жүрген азаматтармен жұмыс аясында бірқатар шаралар қабылданды. Мәселен, Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша алимент төлеуге тиіс 39 адам жауапқа тартылды. Тағы 17 азаматқа айыппұл салынып, 22 тұрғын қамауға алынды. Полиция департаменті алимент бойынша берешек 10 адамды жауапқа тартты», - дейді Павлодар облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Сәменқұлов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық