Павлодарда адам азаптаған полицейге үкім шықты
№ 2 қалалық сотында Павлодар ауданының полиция бөлімінің аға жедел уәкіліне қатысты іс қаралды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы 2022 жылғы 20 қазанда және 22 қарашада Павлодар аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі бола отырып, ұрлық жасағанын мойындату мақсатында зардап шеккен азаматты азаптап, тергеу мен анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданған. Сондай-ақ балағат сөздер айтқан, бетінен шапалақпен, кейінірек оң қолының жұдырығымен бастың артқы жағынан ұрған.
Прокурор үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші сотталушыны кешіргенін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Келтірілген залал ішінара 700 мың теңгеге өтелді. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады және іс бойынша жиналған дәлелдемелерге қарсылық айтпады.
«Сот жеңілдететін мән-жайларды (кінәсін мойындау, жасаған ісіне өкіну, келтірілген зиянды ішінара ерікті түрде түзету, мүгедектігі бар жас бала мен әкенің асырауында болуын, бұрын сотталмағанын), ауырлататын мән-жайларды (қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы) ескере отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады» делінген сот хабарламасында.
Жәбірленушінің 1 млн теңге моральдық зиянды өндіріп алу туралы және материалдық залал үшін 344 301 теңге сомасындағы талабы қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық