Павлодарда 20 жастағы жігіттің өлі денесі табалдырықтан табылды
Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды. Үйдің тұрғындары өз табалдырығынан қаңсырап жатқан адамды тапты. Олар дереу жедел жәрдем шақырды.
Бұл туралы Orda.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваға сілтеме жасап хабарлады.
Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 7 минутта келді. Бірақ жігітті құтқарып қала алмады.
Белгілі болғандай, 2001 жылғы марқұм пышақ жарақатын алған.
– 3 қазанда сағат 02:25 шамасында Павлодар қаласының Академик Сәтбаев көшесіндегі 247-үйдің жанынан 20 жастағы ауыл тұрғынының пышақ жарақатын алған мәйіті табылды. Күдікті ретінде 23 жастағы Павлодар тұрғыны ұсталды, - деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 8-15 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық