Павлодар облысында жан түршігерлік апаттан жүкті әйел қайтыс болды
Скриншот
Павлодар облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды, деп облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
«13 ақпан күні сағат 16:20-да Ресей Федерациясының Ленинский – Ертіс – Русская поляна тас жолының 43-ші шақырымында жола апаты орын алды. Ақтоғай ауданы Өтес ауылынан 4 шақырым жерде «Ауди 100» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, Toyota Camry 20 көлігімен соқтығысты» деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Оқиға салдарынан Ауди 100 көлігінің 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ауди 100 көлігінің жүргізушісі мен оның 2013 жылы туған жолаушысы, Toyota Camry 20 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Tipavlo парақшасының хабарлауынша, жүкті әйел аталған апаттан қайтыс болды. Ол Ауди 100 көлігін тізгіндеген жүргізушінің әйелі болған. Марқұмның артында үш баласы қалған.
Жасқайрат Қайыров көліктердің мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылғанын атап өтті. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық