Павлодар облысында жалған іссапар рәсімдеген шенеунік жауапқа тартылды
Павлодар облысында жалған іссапар рәсімдеп, ақшасын қолды еткен шенеуніктер жауапқа тартылды. Істі Павлодар қаласының №2 соты қарады.
Бұл туралы Orda.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық сәулет басқармасы мемлекеттік қызметкерлерінің кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тиісті құжаттармен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген.
Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті бірнеше рет ірі мөлшерде ысырап еткені үшін Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша басқарма басшысы, әкімшілік бөлімінің басшысы, бас маман, бөлім басшысының міндетін атқарушы сотталды.
Сонымен қатар, тағы бір павлодарлық Қылмыстық кодекстің 364-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін сотталды.
– 2018 жылдың шілдесінде үш мемлекеттік қызметші 1,6 млн теңге көлемінде кең форматты сканер сатып алуға бөлінген мемлекеттік бюджеттен ақша жымқырған, - деп хабарлады облыстық сотта.
Олар 2019 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде жалған іссапарлар ресімдеп, 8,9 млн теңге жұмсаған.
ҚР мемлекеттік қызметші анты бұзылғанын ескере отырып, сот ведомство басшысына 3 жыл мерзімге, ал оның қарамағындағы үш адамға 2 жыл 6 айдан әрқайсысына бас бостандығынан айыруды тағайындады. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды.
Әкімшілік бөлім басшысының кішкентай баласы болғандықтан, мерзімді өтеу уақыты бес жылға шегерілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық