Павлодар облысындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот шешімі шықты
8 тамызда Розовка ауылында болған жанжал кезінде ер адам әйелінің үстіне спирттік ішімдік құйып, өртеп жіберген. Полицейлердің айтуынша, бұл жанжал салдарынан болған. Мейрамнан кейін күдікті мас күйінде көлік тізгініне отырмақ болған, әйелі оны тоқтатады. Жанжал кезінде ер адам тоңазытқыштан алкогольді ішімдік алып, әйелінің үстіне құйып, оттықпен өртеп жіберген.
17 тамызда жәбірленушінің №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны белгілі болды. Біріншіден, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 107-бабы бойынша тергеліп, жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қайта дәрежеленіп, шешім шықты.
Күйеу баласын қорғап, өртеніп кеткен әйелдің анасы сөйледі. Ол әлеуметтік желі қолданушыларынан жағымсыз нәрселер жазбауды сұрады.
– Күйеу баламды қудалауды тоқтатуыңызды сұраймын, біз оны жақтаймыз, жазасын өтеп, тезірек бостандыққа шығуын қалаймыз, өйткені оның үш қызы бар, олар кішкентай. Ол жақсы адам, - деді ол.
Қараша айында сотталушыға үкім шығарылды. Павлодар облыстық сотының «Ертіс» телеарнасына хабарлауынша, ер адам сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық