Павлодар облысында табиғи өрт: 800 гектар орман өртеніп жатыр
Сурет: Павлодар облысы әкімдігі
Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» аумағында болған орман өртін сөндіруге 200-ге жуық жеке құрам мен 50-ден астам техника қатысты.
Жағдайды бағалау және өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару», Қорғаныс министрлігі және «Қазавиаорманқорғау» АҚ-ның төрт тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Алайда резервтегілер екі тікұшақтың кетіп қалғанын, олардың біреуі жөндеуді қажет ететінін хабарлады.
«Сонымен қатар өрт орнына екі Ми-8 ұшағы келді, біреуі Астанадан, екіншісі Семейден. Астанадан келген ұшақ бес рет су төгіп, ұшып кетті. Семейден келген ұашақ су алайын деп жатқанда кабель үзіліп қалды, жөндеуге тырыстық, бірақ болмады. Бұл борт Семейге өз аумағында жөндеуге ұшып кетті. Өрт орнында қазірдің өзінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жиынтық құрамасы жұмыс істеп жатыр» деп хабарлады ведомство.
Өрт болған жерге командалық-диспетчерлік техника құрылды. Дағдарыс орталықтарында Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабтары да жұмыс істейді.
«Шамамен алғанда өрт аумағы 800 гектар болады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ» деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Күшті жел салдарынан өрттің тез таралуы өртті сөндіруді қиындата түсуде.
Бұған дейін өрттің ұлғаюына байланысты Сүгір ауылының 26 тұрғынын эвакуациялау жоспарланып, бұл мақсатқа арнайы техникалар жіберілгенімен, желдің бағыты өзгеріп, ауылға қауіп төнгендігін жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық