Павлодар облысында өгей әке қызын зорлады деген күдікке ілінді
Фото: Orda.kz
Жасөспірім қыз ауруханаға жөнелтілді, ал ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Павлодар облысы Майқайың ауылының тұрғыны 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді.
«Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп түсіндірді Павлодар облысының полиция департаменті.
Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.
Ол сондай-ақ, өзінің талабы бойынша жасөспірімді ауруханаға жіберіп, онымен психологтар жұмыс істейтінін айтты.
«Мүмкін зорлық-зомбылық бірнеше рет болған шығар, әрине, балаға көмек пен тексеру қажет. Дәл осы кезеңде мектеп мұғалімі қыздың күйзелісіне назар аударғанын айта аламын. Нәтижесінде бала өз мәселесін ашық айтып берген», – дейді Сәуле Шәкенева.
Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл істі бақылауды жалғастырып, жәбірленушіге қажетті қолдау көрсететінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық