Павлодар облысында оқушыларды тасымалдайтын көлік өртке оранды
Павлодар облысында оқушыларды тасымалдайтын автобус тас жолдың үстінде өртеніп кетті. Оқиға кезінде көлік ішінде алты бала болған. Оқиға видеосы жергілікті instagram парақшаларының бірінде жарияланды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Павлодар облысының Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тас жолда болған.
«Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізушімен бірге алты бала эвакуацияланды» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бұл жерде көлікте болған өрт сөндіргіш қолданылмағаны нақтыланды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған» деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық