Павлодар облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Павлодар облысы полицейлері бопсалады және пәтер тонады деп айыпталған қылмыстық топты ұстады.
Тергеушілердің айтуынша, ұсталғандар қылмыстық дауларға араласып, бопсалаумен айналысады.
Қылмыстық топ құрамында 25 пен 35 жас аралығындағы жастар болған. Олардың бес бопсалау ісіне қатыстылығы анықталды. Сонымен қатар облыс аумағында қару қолдану арқылы бұзақылық және пәтер тонау әрекеттеріне қатыстылығы тексерілуде.
Тінту кезінде күдіктілерден бес атыс қаруы мен травматикалық қару, қолдан жасалған пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы табылды. Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды.
«Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде», - деді ҚР ІІМ ТЖКБ өкілі Қуандық Алпыс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық