Павлодар облысында Қимақ қағанатының қорғандары табылды
Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары IX-XI ғасырдағы құнды қорғандарды тапты. Олар Павлодар облысы Байдала ауылының маңынан археологиялық жұмыстар барысында табылған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Археологтардың пікірінше, қорғандар астанасы Ертіс өңірінде орналасқан көшпелі империя — Қимақ қағанатының өмір сүру кезеңіне жатады.
Археологиялық экспедиция жетекшісі, Павлодар университетінің Margulan Centre директоры Тимур Смағұловтың айтуынша, Байдала ауылы маңындағы қимақ қорғандары үлкен ғылыми құндылыққа ие. Топырақтың химиялық құрамына байланысты ағаш бұйымдары, жібектен тігілген киімдер, сондай-ақ былғары мен металдан жасалған түрлі заттар сақталған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазба жұмыстары барысында Еуразия аумағындағы ортағасырлық көшпелілердің жылжымалы тұрғын үйінің жақсы сақталған жалғыз данасы болып саналатын «Қимақ күймесі» табылған болатын.
Павлодар университетінің ғылыми қызметкерлері скиф-сақ дәуірінің жерлеу орындарын да зерттеп жатыр. Мысалы, қорғандардың бірінен б. з. д. 1 мыңжылдықтың екінші жартысына жататын қыш ыдыстар мен ересек адамның сүйектері табылды.
Ғалымдардан басқа археологиялық жұмыстарға Павлодар педагогикалық университеті мен С.Торайғыров университетінің студенттері қатысып жатыр.
Ғылыми экспедициялардағы жас қатысушылардың санының жыл сайын артып келе жатқаны да маңызды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық