Павлодар облысында ер адам үш жасар баласын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com
22 қыркүйекте Павлодар облысының Тереңкөл ауданы, Осьмерыжск ауылында әкесі үш жасар туған баласын аяусыз ұрып, өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам мас кезінде өз баласын аяғынан ұстап, екі рет жерге ұрған. Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ведомствоның мәліметінше, 20 қыркүйек күні түнде «Тереңкөл аудандық ауруханасының» қабылдау бөліміне үш жасар бала ауыр жағдайда жеткізілген.
«Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынған, қасының үстінде жарақаты бар. Дененің әр жері көгеріп, қан ұйып қалған. Жасалған барлық реанимациялық шаралар нәтиже бермей, бала көз жұмды. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді» деп жазылған хабарламада.
Күдікті болып жәбірленушінің әкесі танылды. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауға алынды. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталмақ.
Еске сала кетсек, Павлодар жылу электр орталығында жұмысшы көз жұмды. «Павлодарэнерго» АҚ жылу электр орталығында жұмыс кезінде 33 жастағы дәнекерлеуші қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық