Павлодар мұнай-химия зауытында өрт шықты: зардап шеккендер бар
Фото: alarabiya.net
28 наурызға қараған түні Павлодар мұнай-химия зауытында өрт шығып екі қызметкер күйіп қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 50 шаршы метр аумаққа жайылған. 1989 және 1982 жылдары туған екі қызметкер күйік алды. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмады.
Сонымен қатар, департаменттің мәліметінше, төгілген сұйықтық тұтанып, толығымен жанып кеткен. Зауыт жабдығына зақым келмеген.
Өрт сағат 23:40-та басталған. Алғашқы болып зауыттың өрт сөндіру қызметкерлері тілсіз жаумен күресе бастады, кейіннен оларға қалалық өрт сөндіру жасақтары қосылды. Олар қайта тұтанудың алдын алу үшін қондырғыларды салқындатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық