Павлодар әкімдігі жауған қарды видеоға түсірген әжейді кешірім сұратып қойды
Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны ауа-райы қолайсыздығын видеоға түсіргені үшін жергілікті әкімнен кешірім сұрады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Әжейдің кешірім сұраған видеосы Instagram желісінде пайда болды.
Бірінші видеода қария ауласындағы қардың биіктініе көрсетіп, қазан айында қар дәл қаңтар-ақпан айларындағыға ұқсайды деген.
Бейнежазба сипаттамасында әйел бейнежазба үшін әкімдіктен кешірім сұрауға мәжбүр болғаны айтылды.
Видеоның жалғасында ауыл тұрғыны камераға жауған қарды түсіргенін мойындап, бірақ еш шағымы жоқ екенін қосады.
– Таңертең немеремді мектепке шығарып салып, есікті ашсам қалың қар түскенін көрдім. Еш шағымым жоқ. Мен шағымданатын адам емеспін. Қарды видеоға тек түсіріп, жақындарыма жібердім. Түркістандағы туыстарымда әлі мұндай қар болған емес, - дейді қария.
Видеоның түсіріп тұрған азамат одан әкімдікке қандай шағымы бар деп сұрайды. Оған әжей еш шағымы жоқ екенін айтып, кешірім сұрайды.
Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырып, олар әкімдікке хабарласты.
Шенділер жауабы
Баянауыл облысының әкімі Қанат Кәрімов қол астындағы қызметкері оның тапсырмасын дұрыс түсінбегенін айтты.
– Бізде бұл аймақта бір тәулікте 1,5 айлық жауын-шашын мөлшері түсті. Төтенше жағдай жариялап, әкімдерге тұрғындардың барлық өтініштерін қарауды тапсырдық. Бұл әйел қалың қардан есік алдына шыға алмай жатқанын айтып видео жариялады. Мұндай видеоларды басқа да ауыл тұрғындары түсіріп, жіберді. Басқа әкімдер техникаларды ұйымдастырып, жолдарды тазалап, есеп берді. Ал бұл әкім осылайша есеп берді. Техникасы жоқ болса, адамдарды жалдап, есік алдын тазалап берсе болады ғой. Жалғызбасты әйел, жолдасы мүмкіндігі шектеулі жандардың санатына кіреді. Дұрыс түсінбеген. Барлық әкімдер солай істеді, ал мына кісі тапсырманы дұрыс түсінбеген, - дейді Кәрімов.
Ол әжейден жеке өзі кешірім сұрағанын айтты.
– Мен осы қариямен танысып, қызметкердің өзін осылай ұстағаны үшін кешірім сұрадым. Қол астымдағылардың тапсырманы осылай түсінгені үшін кешірім сұрадым. Өте жаман көрінеді, білемін. Осы жағдайды зерттеп жатырмыз, қызметкерге тиісті жаза қолданылады. Біз тұрғындардың кешірім сұраған видеоларын емес, әкімдердің жұмыс істегенін бақылау үшін видео сұратамыз. Қазір көрші ауылдан техника алдыртып, барлық аулаларды тазалап шығамыз, - деді Кәрімов. Қызметкердің тапсырманы осылай қабылдағаны үшін кешірім сұраймын. Әрине, бұл өте ұсқынсыз болып шықты. Біз бұл фактіні зерттеп жатырмыз, әрине біз оны жазалаймыз. Біз адамдардың кешірім сұрағаны үшін емес, әкімдердің жұмысы туралы фото және видеорепортажды талап етеміз. Енді біз көрші ауылдан техника әкелеміз, барлық аулаларды қардан тазалаймыз, - деді Кәрімов.
Осы тұста видеоны түсірген Егіндібұлақ ауылының әкімі Самат Ибраев та түсініктеме берді.
– Мен оның үйіне жағдай шынымен де осындай нашар ма, оған көмек керек пе соны білу үшін бардым. Мен барғанда видеодағы 2 метрлік қар болмады, үйдің артында ғана қар болды. Есік алдын әйел өзі тазалап алған. Мен осы жағдайды түсіндіру үшін оны видеоға түсірдім. Мен оған кешірім сұра деп айтпадым. Ол видеода көмек сұрамағанын айтты. Видео әкімдікке есеп беру үшін керек болды. Оны жұмыс тобына жібергенмін. Қалай желіде тарап кеткенін білмеймін, - деді Ибраев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық