Павлодада бір үйдің ұлы мен қызын жылдар бойы зорлап келген екі жігіт сотталды
Фото: Pixabay.com
Павлодада бір үйдің ұлы мен қызын ауылдастары жылдары бойы зорлап келген. Осы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленушілердің кәмелеттік жасқа толмағанына байланысты сот процесі жабық өтті. БАҚ өкілдеріне үкімнің тек қорытынды бөлігін жариялауға рұқсат берілді.
2001 және 2002 жылдары туған екі ауыл тұрғыны Қылмыстық кодекстің бірнеше ауыр баптары бойынша, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты ер баламен жыныстық қатынас және зорлау деректері бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға колонияға жіберілді.
Жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде 2 миллион теңгеден өтемақы төленеді.
«Іс материалдарын қарап, жан-жақты зерттеген сот айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді. Кінәні растайтын дәлелдер күмән тудырмайды, оны сараптама қорытындылары да дәлелдеп отыр. Тағайындалған жаза заң талаптарына сәйкес келеді», – деді судья Құдабай Сұлтанов.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында мектеп мұғалімі 19 жастағы қызды алып қашты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық