«Пәтер құны 40 мың»: Елес кезген ауыл жойылуға жақын
Фото: Видеодан алынған кадр
Кеңес Одағы кезінде Мәскеудің қолдауымен өркендеген ауыл тәуелсіздіктен кейін өркениеттен жұрдай болды, деп хабарлайды Orda.kz.
AIRAN YouTube арнасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Мирный ауылының үйіндіге айналуға аз қалғаны көрсетілді. Кеңес Одағы кезінде уран өндірілген ауылда бүгінде адам қарасы аз. 30 жыл бұрын ауылда аурухана, мәдениет үйі, бассейн, кинотеатрға дейін болған. Сапалы үйлер салынып, басқа өңірден келген халық екі қолға бір күрек тауып жүрген. Ол кезде ауылда 10 мыңға жуық адам болыпты. Мәскеу ауылды қамтамасыз еткен. Бірақ Кеңес Одағы тарағаннан кейін ауылдың шырқы бұзылған. Жұмыс тоқтаған. Ақшасыз халық басы ауған жаққа үдере көшкен. Бүгінде ауылда 600-ге жуық адам тұрады. Тіпті бір кіреберісті бір-бір отбасы иемденіп отыр.
«2 пәтер сатып алғанмын. Бірін 40 мыңға, екіншісін 50 мыңға сатып алдым. Мен көшіп келгенде енді бұзылып жатқан ауыл еді. Содан әлі бұзылып жатыр ғой. Таразға көшеміз. Бұл үйді тастап кетеміз. Алатын ешкім жоқ. Бұл жерде ешкім тұрмайды», - дейді ауыл тұрғыны.
Ауылда пәтер жалдап тұратын бірен-саран адамдар да бар екен. Олар пәтер ақысына айына 5 мың теңге беретіндерін айтты.
«Бұл үйде әйелім екеуіміз ғана тұрамыз. Пеш жағамыз. Су сатып аламыз. Біз қайда көшеміз? Баратын жеріміз жоқ. Зейнеткерміз. Бұрын ауылымыз керемет еді. Мәскеу қамтамасыз ететін. Кейін Кеңес Одағы тарағасын біз ешкімге керек болмай қалдық. Ең бірінші су құбырларын бұзып әкетті. Содан кейін шетінен бұзып, талқандап әкете берді. Ауруханаға бүкіл аудан келіп қаралатын. Не керектің бәрі болды. Қазір солардың тек қирандылары қалды», - дейді ауыл тұрғыны.
Тұрғындар ауылдың болашағы жоқ деп отыр. Реті келсе бәрі көшіп кетуге дайын. Шалғайдағы ауылға мемлекет те, әкімдік те қараспайтынына халық қатты наразы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық