Пашинян отставкаға кетіп, қайта сайлауға түсетінін айтты
Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті, бірақ үкімет басшысы міндетін кезектен тыс парламент сайлауы өткенше атқаратын болады.
Сайлауға Пашинянның өзі де қатысады. Ол сайлауға «Азаматтық келісім» партиясының атынан түседі.
— Бүгін мен кезектен тыс парламент сайлауын өткізу үшін отставкаға кетемін. Премьер-министрі міндетін сайлау өткенше атқарамын,- деді ол 25 сәуірдегі теле үндеуінде.
Армения конституциясы бойынша парламентті тарату үшін премьер-министр отставкаға кетуі керек. Үкімет басшысы отставкаға кеткен жағдайда, парламент фракциялары жеті күн ішінде премьер қызметіне үміткер ұсынады. Ол үшін ұлттық жиналыс өтіп, үміткерге депутаттардың көбі дауыс беруі керек.
Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне тағы да үміткер екенін айтты.
— Мені Армения премьер-министрі қызметіне «Азаматтық келісім» партиясы ұсынады, - деді ол.
Ел оппозициясы Пашинянды біржола кетіруге тырысуда. Оның қарсыластары Пашинян толық отставкаға кетпей сайлау әділ өтпейтіндігін айтады. Ал Пашинян болса сайлауда жеңілсе, билікті жеңген адамға тапсыратынын хабарлап үлгерді.
Армениядағы наразылық Таулы Қарабақ жөніндегі келісімнен кейін өршіп кетті. Әзірбайжан, Ресей және Армения арасындағы келісімге сәйкес, Таулы Қарабақтың бір бөлігі мен оның айналасындағы аумақ Әзірбайжан бақылауына өтті. Пашинянның өзі қақтығысты тек осы жолмен ғана тоқтату мүмкін болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық