Партия төрағасы депутат Берденовтың видеосына қатысты пікір білдірді
Фото: Instagram/a1darbek
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров мәжіліс депутаты Руслан Берденовтың шатырда қаһарман бейнесінде түскен видеосына қатысты өз пікірін білдірді.
Бұл туралы Qaz365.kz хабарлайды.
«Біріншіден, бұл Respublica партиясы туралы емес. Бұл видеоның партияға еш қатысы жоқ. Оны халық қалаулысы Руслан Берденов бос уақытында түсірген. Әлеуметтік жоба туралы бейнеролик. Депутат та адам. Ол бос уақытын еркінше пайдаланады. Ең бастысы, ол заңды бұзбады және жұмысымызға еш әсері жоқ. Бірақ құптаймыз ба, жоқ па, біржақты айта алмаймын»,- деп бөлісті Айдарбек Қожаназаров.
Әлеуметтік желіде «Respublica» партиясының депутаты Руслан Берденовтің Астанадағы «Абу-Даби Плаза» ғимаратының төбесінде суперқаһарман костюмінде түсірілген видеосы тарап кетті.
Республика партиясы басшысының айтуынша, желіде тарап кеткен видео олардың ұйымының беделіне нұқсан келтірмейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық