Партия басшылары мәслихат депутаттарының сессиядан шығып кетуіне қатысты пікір білдірді
Фото: Ашық дереккөзден
Партия басшылары мәслихат депутаттарының сессиядан шығып кетуіне қатысты пікір білдірді.
Алғаш болып партия басшыларынан «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев телеграм каналында пікір қалдырған.
«Осыдан екі сағат бұрын Жамбыл облыстық мәслихатының «Ақ жол» ҚДП депутаттары хабарласып, жиналыстан шығуының себебін түсіндірді.
Бұл әрекетке мәслихат хатшысының депутаттарға өз пікірін таңып қана қоймай, қоғамдық кеңестерді құруға деген көзқарасты да қозғалыста өзгертетін қате бұйрығы себеп болған. Биліктегі партия өкілі тарапынан басқа партиядағы әріптестерге мұндай құрметсіздікке жол беруге болмайды деп есептеймін. «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбековке жағдайды ретке келтіруді тапсырдым» деді ол.
Ал жаңадан құрылған «Қоғамдық кеңес» мүшесі Мұқанбетәлі Шалқарбеков Orda.kz тілшісіне жауап беруден қашқандай болды. «Сіздің партияластарыңыз неге сізді қолдамады?» деген сауалға Шалқарбеков «Қазір Алматыдамын, Таразға жолға шығып жатырмын» деп жауап берді. Ал бір күннен кейін хабарласқанда (Қазір Шудамын, Таразға жеткен жоқпын» деп қысқа ғана қайырды.
Ауыл партиясының төрағасы Әли Бектаев болған жағдайға алдымен заң жүзінде баға берген дұрыс дегенді алға тартты.
«Жамбыл облыстық мәслихатында орын алған жағдайға байланысты «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ерболат Саурықов партия басшылығын хабардар еткен болатын.
Ең алдымен болған жағдайға заң жүзінде баға берілгені дұрыс деп есептейміз. Бұл жерде жалғыз «Ауыл» партиясы ғана емес, «Ақжол» мен «Аманат» партияларының өкілдері де мәслихат төрағасының шешіміне наразылық білдірген. Депутаттардың әрекетін негізсіз деп ойламаймын. Білетінім, партиямыздың тізімімен сайланған депутаттар – білікті, тәжірибелі және адал азаматтар» деді ол.
Билік партиясы болып саналатын «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы төмендегідей пікір білдірді:
«Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың көп болуы, түрлі саладағы азаматтардың билік пен қоғам арасындағы көпірге айналғысы, қоғамдағы мәселелерді шешуге атсалысқысы келетіндері оң тенденция деп ойлаймын.
Жұмысшы топ отырысында кандидаттардың қобалжулары, ойларын дұрыс жеткізе алмауы, өмірде тәжірибесі бай 2-3 ардагерімізді қолдамау көзқарасы байқалды.
Сессия барысында депутаттар арасында пікір қайшылығы туындап, біршама эмоционалдық көңіл-күйге бой алдырды. Күн тәртібіндегі мәселеге дауыс беру процесі мәслихат мен сессияның жұмысын регламенттеуші қолданыстағы заңнамалармен реттелетіні белгілі.
Жеке пікірім, тізімге қатысты дауыс беруге қарсы болғанда шығып кеткен депутаттар қалыс қалса да болар еді, бұл басқа да халық қалаулыларына, сессия отырысына құрметтің белгісін білдіреді деп санаймын.
Жаңа жасақталған облыстық Кеңес тек билікті сынаушы емес, қоғам мүддесін жеке мүддемен шатастырып алмайтын Кеңес болады деген сенімдемін. Сондықтан, Кеңес мүшелері қоғам мен билік арасында сындарлы диалогқа дайын болуы керек» деді ол.
Orda.kz Қоғамдық кеңеске өтпей қалғандарға қандай сұрақтар қойылғаны және олардың пікірлері туралы айтатын болады.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық