Парламент отырысында депутаттар төбелесіп қалды

cover Видеодан алынған кадр

Иорданияда депутаттар парламент отырысындағы кездесу кезінде төбелес шығарды.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған жиында депутаттардың бірі дәлелсіз мәлімдемелері үшін кешірім сұраудан бас тартқан. Төбелес осыдан басталған.

– Бұл әрекет біздің халқымыз үшін жарасымсыз дүние және еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, - деді парламент депутаты Халил Атиех.

Төбелеске байланысты кездесуді жарты сағатқа үзуге тура келді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар