Парламент өртке оранды: Непалдың премьер-министрі Шарма Оли отставкаға кетті
Фото: Бейнежазбадан кадр
Непалда әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін жаппай наразылық басталды. Осы оқиғалардың аясында премьер-министр Шарма Оли қызметінен кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Отставкаға бірнеше сағат қалғанда Оли халықты сабырлы болуға және диалог арқылы шешім іздеуге шақырған. Алайда елдің жағдайын тұрақтандыру үшін оған армия қолбасшысы - генерал Ашок Радж Сигдел орнынан кетуді талап еткен.
Наразылық әлеуметтік желілерге шектеу енгізілгеннен кейін басталған. Халыққа YouTube, X (Twitter), Reddit, LinkedIn, сондай-ақ WhatsApp, Facebook және Instagram платформаларына кіруге тыйым салынған. Бұл шешім жастар арасында, әсіресе Z ұрпағы арасында наразылық туғызып, көшеге шыққандар министрлік резиденцияларын басып ала бастаған.
Уақыт өте билік тыйымды алып тастап, платформаларға қолжетімділікті қайта қамтамасыз еткен. Дегенмен, бұл кезде наразылық шаралары күшейген болатын.
Непалда парламент ғимаратына наразылық білдірушілер от қойды.
Непалдағы наразылықтар барысында жұртшылық парламент ғимаратын тұтатып, өрт қойды. Бұған елдегі әлеуметтік желілерді шектеу және жастардың наразылығы себеп болып отыр.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер ғимаратқа бақылау орнатып, өртті сөндірумен айналысып жатыр, ал полиция жағдайды тұрақтандыру үшін шара қабылдауда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық