Парижде Паралимпиада ойындары басталды
Фото: Gov.kz
Парижде басталған 2024 жылғы Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Парижде 17-ші жазғы паралимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанаты Франциядағы Place de la Concorde алаңында өтіп, мемлекеттік туды Берік Ізмағанбетов мен Севда Алиева ұстады» делінген хабарлама.
Айта кетейік, Париж бұған дейін үш рет Олимпиада ойындарын өткізген, бірақ Паралимпиада ойындары Франция астанасында алғаш рет өтіп жатыр. 2024 жылы жарыстарға 4,4 мыңнан астам спортшы қатысады, олармен бірге 2,5 мың адам барады.
Ойындар бағдарламасына спорттың 22 түрі және 549 пән кіреді, жарыс ұзақтығы 11 күн.
Деректерге сүйенсек, Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан 44 спортшыдан тұратын рекордтық делегация қатысады.
Қазақстандық спортшылары спорттың тоғыз түрінен: парадзюдо, парапауэрлифтинг, паратаэквондо, паражеңіл атлетика, параату, параүстел теннисі, паражүзу, параканоэде есу және параволейболдан сынға түседі. Атап өтілгендей, отандық спортшылар алғаш рет параүстел теннисінен, сондай-ақ әйелдер арасында каноэде есуден жарыстарға қатысуға лицензия алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық