Париж орталығында Макронға қарсы шеру өтті
Парижде қазіргі мемлекет басшысы, Франция президенттігіне үміткер Эммануэль Макронға қарсы шеру өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
Сәуірдің 16-сы күні түстен кейін Франция астанасының 8-ші округіндегі Фонтенуа алаңында басталған шеру Патриоттар қозғалысының жетекшісі Флориан Филиппоның шақыруымен ұйымдастырылды.
Шерушілер Макронның Франция басшысы болып қайта сайлануына наразылық білдіруде. Митингте Макронның саясатына наразы жүздеген адам қатысты.
— Біз қарсылыққа шықтық, өйткені француздардың көпшілігі бірінші турда Эммануэль Макронға дауыс бермеді! Біз оның келесі бесжылдық жоспарына «жоқ» деп айтуға шықтық! Ол Елисей сарайынан кетуі керек, - деді акцияны ұйымдастырушылардың бірі.
Шеру бейбіт түрде өтті. Наразылық білдірушілер: «Макрон - енді ешқашан болмайды!» деп ұрандатты.
Бұған дейін Францияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі өткен болатын. Қазіргі президент Эммануэль Макрон 28 пайызға жуық дауыс жинап, бірінші орынды иеленді.
Екінші орында Марин Ле Пен 24,58 пайыз дауыспен тұр. Францияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі 24 сәуірде өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық