Парагвайда бөлшектеліп табылған кәсіпкерге қатысты жаңа ақпарат пайда болды
Фото: Ашық дереккөзден
Парагвайда бөлшектелген кәсіпкер Михаил Леготкин қазіргі Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Бұқтырма ауданының тумасы болып шықты.
«Кісі өлтірілген кәсіпкер КСРО-дан Кеңес Одағы кезінде кеткен. Ол Шығыс Қазақстандағы Бұқтырмада туған, бірақ 1980 жылдардан бері Парагвайда тұрады. Ол жерде оның жеке кәсібі болған және менің білуімше, оны екі қызметкері 2000 доллар мен джип үшін өлтірген. Олар әуежайда ұсталды» деді ҚазТАГ агенттігінің дереккөзі.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Леготкиннің Қазақ КСР аумағында туғанын, кеңестік кезеңде елден кеткенін растады, бірақ оның ешқашан Қазақстан азаматы болмағанын баса айтты. Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі бірқатар БАҚ-та өлтірілген азамат «қазақстандық кәсіпкер» деген ақпаратты жоққа шығарып, ақпаратты қайта тексеруге шақырды.
Айта кетсек, парагвайлық БАҚ Леготкинді қазақстандық деп тегінің орнына әкесінің аты – Васильевичті жиі қолданатынына сүйеніп жазған.
Парагвайлық ABC ақпараттық порталының хабарлауынша, 3 ақпанда Леготкин мотельінде болған кезде күдіктілер оны құбырлардың ағып кетуіне байланысты бөлмелердің біріне шақырған. Сол жерде олар кәсіпкерді ұрып-соғып, оның жақ сүйегін сындырып, тірідей Сан-Антониоға апарған. Ол сол жерде қаңсырап өлген. Кейін күдіктілер мәйітті бөлшектеп, бірнеше сөмкеге салып, Ипандағы бос жерге көмген.
Кәсіпкердің сүйегі өткен жұмада ғана табылды. Жүргізілген сараптама олардың Леготкинге тиесілі екенін растады.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық