Пара алған әкімнің орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: МТРК “Мир”/ Мария Грекова
Шымкентте пара алған шенеуніктер мен кәсіпкерге сот үкімі шықты.
Айыпталушы орнында Еңбекші ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерік Тіленшин, әкімдіктің бас маманы, аты-жөні белгісіз кәсіпкер отыр.
Жемқорлыққа қарсы қызметкерлер анықтағандай, шенеуніктер өзара сөз байласып, мегаполисті абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкерден 60 миллион теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, әкімнің орынбасары мен оның қарамағындағы қызметкер қорымдарды күтіп ұстауға бюджеттен бөлінген 28 миллион теңгені жымқырған.
Сот үш айыпталушыны кінәлі деп таныды, ең ұзақ жазаны Ерік Тіленшин алды, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Әкімдіктің бас маманы 10 жылға сотталды, ал кәсіпкер үш жыл ғана жазасын өтейді. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық