Пара алды деген күдікпен Антикор басшысының орынбасары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агентігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды деген ақпарат шықты.
Бұл туралы «YEDILOV ONLINE» telegram-арнасы хабарлады.
«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, ҰҚК қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады» делінген хабарламада.
ҰҚК «Антикор» төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың ұсталғанын растады.
«2023 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді» делінген хабарламада.
Қожабаев 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін «Антикор» төрағасының орынбасары болды. Бір қызығы, бұл оның осы құрылымда жұмыс істеудегі алғашқы тәжірибесі емес – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кезінде Қожабаев Қызылорда, Жамбыл облыстары мен БҚО бойынша қаржы полициясы департаменттерін басқарған.
Сол жылдары қаржы полициясын қазіргі сенатор Қайрат Қожамжаров басқарды. Алайда, Қожамжаров бас прокурор қызметін атқарған кезде Қожабаев прокуратурада басшылық қызметтерде болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық