Пандемия азық-түлік қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ
Барлық дерлік топтар үшін ЕАЭО өзін толық көлемде қамтамасыз етеді, деп атап өтті Артак Камалян.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, Индустрия және агроөнеркәсіп кешені министрі Артак Камалян коронавирус пандемиясы ЕАЭО елдерінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің сайты хабарлады.
«Біз өзімізді қамтамасыз ете аламыз. Азық-түлік қауіпсіздігі, тамақ сапасы мен қауіпсіздігіне - пандемияның әсері аз болды. Былтыр және биыл да біз ЕАЭО-ның барлық тауар топтары үшін өзімізді толықтай қамтамасыз етеміз. Импортқа тәуелді тек жемістер мен жидектер», - деді ол баспасөз мәслихатында.
Артак Камалянның айтуынша, даму стратегиясында азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастырудағы жалпы принциптер мен тәсілдер бағыты бар.
Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі Тимур Жақсылықов ЕАЭО бірыңғай валюта енгізуді жоспарламайтындығын баса айтты.
Оның айтуынша, ЕАЭО саудасындағы өзара сауданың үлесі әлі де төмен.
«Біздің сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі өзара сауданың үлесі 15%-дан аспайды. Егер біз Еуропалық Одақтың мысалына жүгінетін болсақ, онда тауарлар, қызметтер, инвестициялар ағындарының өзара саудасының жалпы сыртқы сауда айналымындағы үлесі 60-70%-ға жетеді», - деді Тимур Жақсылықов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық