Пандемияға қарсы қосымша адам құқығын бұзады
Коронавируспен бір жыл күрескеннен кейін Қазақстанда пандемиямен күресте алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізу туралы шешім қабылданды. Еуропадағыдай боламыз деп едік... әдеттегідей жағдай орын алды(!).
Денсаулық сақтау министрлігі, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Атамекен» палатасы және «Digital innovation and transformation» атты белгісіз ЖШС қазақстандықтарды түстерге бөлетін Ashyq мобильді қосымшасын әзірледі.
Вирус жұқтырғандар қызыл түске боялған, сары - байланыста болғандар, ал дені сау, ПТР тестінің теріс көрсеткіші болған жағдайда - жасыл. Денсаулық сақтау Министрі Алексей Цой айтқандай, қосымшаны жүктеуге ешкім мәжбүр болмайды - бұл ерікті мәселе. Бірақ онсыз кейбір мекемелерге кіре алмайсыз. Қосымшада тіркеусіз мейрамханаларға, фитнес-орталықтарға, бассейндерге, кинотеатрларға кіру мүмкін емес деп ескертті...
Келуші кіру және шығу кезінде арнайы QR кодын сканерлеп, мекеме әкімшісіне өзінің түсін көрсетуі керек. Сонымен қатар, қызметкер келушінің аты-жөнін, телефон нөмірін және ЖСН-ін көреді. Егер кенеттен бағдарлама сары немесе қызыл түске ие болса, мекеме шұғыл түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабар беруі керек.
Қоғам App Store-дағы қосымшаны адам құқығын бұзады деп есептеп, 1.6 жұлдызға бағалады. Ал кәсіпкер Бейбіт Әлібеков оны «биологиялық дискриминация» деп атады.

Дамыған Еуропада қалай?
ЕО елдері пандемия басталғаннан бері антиковидті платформаларды қолданады. Оларда шектеу жоқ, тек ескерту(!). Сондықтан, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше барлық еуропалық елдер орналасқан жерді бақылайтын және жеке басын анықтайтын қосымшалардан бас тартты. Айта кетсек, Қазақстан да көптеген халықаралық келісімдерге қол қойған, бірақ бізде Ashyq қосымшасы іске қосылды. Бәлкім ұмытып кеткен болар... Неліктен Еуропада бәрі жақсы? Онда смартфондар Bluetooth арқылы қосылған, ЖСН орнына-жасырын код. Адамға жұқтырған адам мен оның атын атамастан 15 минуттан астам уақыт байланыс туралы хабарлайды. Мұндай қосымшалар Германияда, Эстонияда, Испанияда және басқа елдерде қолданылады. Бұл адамдарға инфекция тізбегін бұзып, бірнеше күн бұрын оқшаулауға мүмкіндік береді.
Қып-қызыл қате
Қазақстанға оралайық. Адам құқықтарына қатысты мәселелерден басқа, қосымша ақаулықтармен жұмыс істейді… осылайша Ashyq сау азаматтарға олардың қозғалысын шектей отырып, қызыл түсті 2 рет тағайындаған жағдайлар орын алды.

Авторы: Әсем Гумарова
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық