Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Пәкістан премьер-министрі мемлекеттік басқару жүйесі мен институционалдық орнықтылықты одан әрі нығайтуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұл уақиғаның тарихи маңызын атап өтті.
Шахбаз Шарифтің айтуынша, бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесі Қазақстан азаматтары Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын кеңінен қолдайтынын көрсетті.
Мемлекет басшысы құттықтауы мен референдум қорытындысын жоғары бағалағаны үшін Пәкістан премьер-министріне алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің оң қарқынына көңілдері толатынын айтты. Осы орайда президенттің биыл ақпан айында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.
Мемлекет басшысы мен Пәкістан премьер-министрі өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық