Пәтерін жалға берген 70 оралдық жазаланады
Сурет: aikyn.kz
Орал қаласының салық қызметкерлері үй-жайларын шетелдіктерге жалға беріп, салық төлемей жүрген 70 пәтер иесін анықтады.
Бір қызығы, пәтерлерді заңсыз жалға берудің басым бөлігі полицияға жасырын түрде хабарланған. Нәтижесінде бесеуіне 45 000 теңге айыппұл салынса, қалғандары сотқа жолданды. Әкімшілік кодекс бойынша оларға 15 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
— Бұл салық төлеушілерге қатысты әкімшілік материалдар жасалып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, осы құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес 15 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын хабарлаймыз, - деді AstanaTV телеарнасына БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Абылай Малаев.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жұмылдыру жарияланған соң Оралға Ресейден 70 мыңға жуық адам келген. Олардың көпшілігі көшіп кетті, екі жарым мыңға жуық ресейлік қалада қалды. Шекарадағы жағдай әлдеқашан тұрақталып, тұрғын үй бағасы бұрынғы бағаға – 50-ден 100 мың теңгеге дейін арзандады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық